Текст песни Жігіттер - Жігіттерге 10 Жыл
Тексты песен

Жігіттер - Жігіттерге 10 Жыл




Текст песни
Әнімізбен жанымызбен келеміз
Қазақ халқын өте жақсы көреміз
Біздің ДосМұқасан,Мұзарт, НұрМұқасан
Солар салған сара жолмен келеміз

Қ-сы:

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге 10 жыл
Арқа сүйер алты алашқа сенеміз

Әуелетіп сахнаға әндеттік
Текті жұртты ән бесікте тербеттік
Бата беріп халық, алғыстарын алып
Еркелеуші ек ел алдында ер жеттік

Қ-сы:

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге 10 жыл
Қуанышты бөлісейін деп жеттік

Төрт екенбіз төрде тұрған төртеуіміз
Көріктіміз көпшілікпен көркембіз
Алақаны алтын, сенің арқаң халқым
Тарихтарда қалып жатсақ ертең біз

Қ-сы:

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге 10 жыл
Сағыныштың сазды әуенін шертеміз

Бөлінбей бірлікпен іргеміз
Ән шырқап жүреміз күнде біз
Сіздерге арналар бұл лебіз
Біз сіздермен біргеміз х2

Сіздерге арналар бұл лебіз
Біз сіздермен біргеміз


Теги материала: Жігіттерге 10 Жыл, Жігіттер


Похожие материалы