Текст песни Жанар Дугалова - Кім Үшін
Тексты песен

Жанар Дугалова - Кім Үшін




Текст песни
Неге үндемейсің? [x3]

«Кім бұл?» деп, «Бұл кім?» деп сұрадың,
Дауысымды ұмыттың ба?
Бұл менмін ғой, бұл менмін ғой.
Дірілдеп, «Сүйдiм» деп жыладым
Басқа жанды бүгін жылыттың ба?
Іздедім ғой, білмедім ғой.

Неге үндемейсің? Неге үндемейсің?
Естiледi, тек естіледі демің.
Неге елемейсің? «Келемiн» демейсiң? Ол кім?

Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?
Кім үшін, кім үшін, жаным, кім кінәлі?
Кім үшін сен ұмыттың күндерімізді?
Кім үшін айтшы.
Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?

Тілдескен түндi естен шығардың
Жаным, жанған сен отсың ба?
Менi өртеген жалынымен.
Білместен мұң кешкен шығармын
Жүрегiмді аяған жоқсың ба?
Елеңдеген, сағынумен.

Неге үндемейсің? Неге үндемейсің?
Естіледі,тек естіледі демің.
Неге елемейсiң? «Келемiн» демейсің? Ол кім?
Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?
Кім үшін, кім үшін, жаным, кім кінәлі?
Кім үшін сен ұмыттың күндерімізді?
Кім үшін айтшы.
Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?

Неге үндемейсің? Неге үндемейсің?
Неге үндемейсің? Естіледі демің.

Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?
Оу, кім үшін айтшы?
Кім үшін, жаным, айтшы маған!
Кім үшін, кім үшін, жаным, кім кінәлі?
Кім? Ол кім? Кім?
Аты бар ма оның? Аты бар ма оның?

Кім үшін сен ұмыттың күндерімізді?
Кім үшін айтшы?
Кім үшін, кім үшін айтшы соның бәрі?
Ол кім?!


Теги материала: Кім Үшін, Жанар Дугалова


Похожие материалы