Текст песни Төреғали Төреәлі және Төреәлі Төлепов - Әке Мен Бала
Тексты песен

Төреғали Төреәлі және Төреәлі Төлепов - Әке Мен Бала




Текст песни
Айналайын ән балам айналайын жан балам
Жыр- әнімсің таңбаған қыранымсың самғаған
Жұлдызым боп жана бер әке жолын жалғаған
Жұлдызым боп жана бер әке жолын жалғаған

Әкеге ұқсап тудым ба әке жолын қудым ба
Еліктірген әуені күлді қазды қудым ба
Соншалықты әдемі сылдыр үні судың да
Соншалықты әдемі сылдыр үні судың да

Айналайын түріңнен айналайын тіліңнен
Тамсандырып тұрсың-ау тамылжытқан үніңмен
Кіп-кішкентай құлыным бақыттымын бүгін мен
Кіп-кішкентай құлыным бақыттымын бүгін мен

Аяладың әнменен аяладың таңменен
Тәтті әуенге берілген тербетілді жан денем
Еркелеткен еліне еркем енді ән берем
Еркелеткен еліне еркем енді ән берем

Бақытымыз- әніміз
Шаттығымыз- әніміз
Ән болмаса өмірде
Келісер ме сәніміз
Қуат беріп көңілге
Кел шырқайық бәріміз х4


Теги материала: Төреғали Төреәлі, Әке Мен Бала, Төреәлі Төлепов


Похожие материалы