Текст песни Райым Уайыс - Әдемім менің
Тексты песен

Райым Уайыс - Әдемім менің




Текст песни
Сол бір кеште ғажайып мен сені кезіктірдім
Жалындаған жанарыңнан бәрін сезіп тұрдым
Махаббаттың не екенін жаным сен ұқтырдың
Ғашық еткен аяулы елік құрбым

Қ-сы
Әдемім менің жан едің керім
Ал қызыл аяулап бал еріндерің
Сағынып салған ән едің арман
Арайлап ататын таң едің алдан

Көрген сәтте асылым сен күндей күлімдедің
Көңіліме көрік берген сәуле нұрын бердің
Жүрегімді неге сонша жаным тілімдедің
Жаралаған жанымды гүлім менің

Қ-сы x4
Әдемім менің жан едің керім
Ал қызыл аяулап бал еріндерің
Сағынып салған ән едің арман
Арайлап ататын таң едің алдан


Теги материала: Әдемім менің, Райым Уайыс


Похожие материалы