Текст песни Бағлан Жолдасов және Айгүл Иманбаева - Жаңбырлы Түн
Тексты песен

Бағлан Жолдасов және Айгүл Иманбаева - Жаңбырлы Түн




Текст песни
Қараңғы түн, екеумізде, екеумізде бір шырақ
Бір шырақтан келе жаттық, нұр сұрап
Қол ұстатып кетті өмір, кетті өмір біздерді
Қиын жылдар қиясында бір сынап

Қ-сы
Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным

Боранды түн, екеумізде, екеумізде бір үміт
Бір үмітке жүрегіміз жылынып
Қалқы болып тұрдым саған, тұрдым саған махаббат
Қалмасын деп ақ боранға ұрынып

Қ-сы
Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным суда тұр

Жұлдызды түн, екеумізде, екеумізде бір арман
Бір арманға телміреміз мұнардан
Көкжиектен Шолпан туды, Шолпан туды бір кезде
Сен де тұрдың қарсы алдымда гүл алған

Қ-сы
Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр
Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр
Махаббаттың сөнбесін деп жалыны
Шатыр болып менің жаным суда тұр


Теги материала: Айгүл Иманбаева, Жаңбырлы Түн, Бағлан Жолдасов


Похожие материалы