Текст песни Бүркіт - Қарапайым Қазағым
Тексты песен

Бүркіт - Қарапайым Қазағым




Текст песни
Ай менен күнім аймалаған
Жайна достар жайна далам
Жүрегі нәзік ғажабым
Қарапайым қазағым

Ата дәстүр — салтын сақтаған
Бабасының ар — үмітін ақтаған
Балаңмын деп сенің мақтанам
Алтын бесігім

Жүрегімен танып тоғысқан
Бәрі жақын бір-біріне туысқан
Бірлігіміз кетпей уыстан
Жасай берсін жарқын есімің

Ай менен күнім аймалаған
Жайна достар жайна далам
Жүрегі нәзік ғажабым
Қарапайым қазағым

Ай менен күнім аймалаған
Жайна достар жайна далам
Жүрегі нәзік ғажабым
Қарапайым қазағым

Бауырымдай әрбір баласы
Өз үйімдей оның барлық қаласы
Қуат берген менің жаныма
Самал желі, балдай ауасы

Көз тоймайды өзің қарашы
Қандай ғажап бұл — қазақтың даласы!
Қаратау мен Алатау асқақ
Атырау мен Алтай арасы

Ай менен күнім аймалаған
Жайна достар жайна далам
Жүрегі нәзік ғажабым
Қарапайым қазағым

Ай менен күнім аймалаған
Жайна достар жайна далам
Жүрегі нәзік ғажабым
Қарапайым қазағым


Теги материала: Бүркіт, Қарапайым Қазағым


Похожие материалы