Текст песни Алтынай Жорабаева - Әжемнің иісі
Тексты песен

Алтынай Жорабаева - Әжемнің иісі




Текст песни
Аңсаумен ауылымның ақ қайнарын
Алдына ақ боз үйдің ат байладың
Кедерсіп кеңсірігім келіп тұрмын
Сабадан сыр қымыздың татқай дәмін

Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Аққу қаз айдын көлде сыңқылдайды
Саялы сарайым ай салқын жайлы
Киелі киіз үйдің іргесінен
Жусан леп жұпар самал аңқылдайды

Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Сарқылмас көңіліңнің күйі сынды
Тағдырым сағынышты сый ұсынды
Ақ үйде ақ жол тілеп қалып едің
Әжем ау сағындым ғой иісіңді

Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма
Әжемнің иісі келіп мұрыныма


Теги материала: Әжемнің иісі, Алтынай Жорабаева


Похожие материалы