Текст песни Қайрат Нұртас - Жаралы жанның
Тексты песен

Қайрат Нұртас - Жаралы жанның




Текст песни
Бұл менің жырым толғаған,
Ақпанда соққан борандай
Өкінбес сірә, бар ма адам
Өзегі мұңға оранбай.

Қиялмен арман жалғаған
Еркелеп елге ән арнай
Бұл менің жолым таңдаған
Бақытқа бастап барардай

Қ-сы:
Жаралы жанның әні бұл
Желбіреп туым әлі тұр
Күндестік дейтін қоңырау
Соңымнан еріп әлі жүр
Жаралы жанның әні бұл
Сынағы шығар әрі бұл
Сабырмен күтіп соңында
Жеңемін барін бәрібір

Бұл менің сырым ақ қардай
Ақпанда жауған мен үшін
Оралмайм(ын)өткен шақтарға-ай
Арқалап арман жемісін
Қайратым тасып жатқандай
Ақ жүрек АНА сен үшін
Жарқ етем әлі ақ таңдай
Жеңілгендерім - жеңісім!

Қ-сы.


Теги материала: Жаралы жанның, Қайрат Нұртас


Похожие материалы